"40 шақырымға созылған": Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі тарқады

78

Видео желіде тарады.

"40 шақырымға созылған": Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі тарқады Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысында Өзбекстанмен шекарадағы "Бауыржан Қонысбаев" өткізу бекетінің алдында жүк көліктерінің ұзын-сонар кептелісі тарқаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қазақ-өзбек шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісі тарқап, жол ашылған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Кептеліс туралы видеоны BBC-дің парсы қызметі де көрсеткені айтылған. 

Kazinform агенттігінің жазуынша, ұзын-сонар кезек туралы ақпарат 13 қарашада пайда болды. Кептеліс 40 шақырымға созылған. Сол уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті мән-жайды түсіндіріп өткен. 

"Б.Қонысбаев өткізу пунктінің алдында жүк көліктерінің жиналып қалуы халықаралық жүк тасымалы көлемінің маусымдық артуына, сондай-ақ отандық көлік-логистикалық бағыттардың тартымдылығы артуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік ағынның тұрақты өсуіне негізделген", – деп хабарлады комитет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу