400-ден аса мұғалім конкурссыз-ақ мектеп директоры атанатын болды

Бұл мүмкіндік педагогтерге 2023 жылдан бері беріліп келеді. 

400-ден аса мұғалім конкурссыз-ақ мектеп директоры атанатын болды Фото: kom-dir.ru

Биыл еліміз бойынша "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасының 403 қатысушысы кадрлық резервке еніп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл – осынша мұғалімнің болашақта конкурстан өтпей, бірден мектеп тізгінін қолға алуына болады деген сөз. 

Соңғы 2 жылдан бері Қазақстанда "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" стратегиялық жобасы сәтті жүзеге асуда. Президенттік жастар кадр резервінің үлгісінде жасалған жоба нәтижесінде 2023-2024 жылдары 583 педагог резервист атанған болатын. Бүгінде олардың 419-ы немесе 71%-ы жоғары лаузымдарға тағайындалып үлгерді. 40 директор "Келешек мектептері" Ұлттық жобасы аясында ашылған жаңа мектептерге жетекшілік етеді. 

Болашақ мектеп басшыларына арнайы дайындықтан өткен мамандар сабақ береді. Олар – мектеп директорларының біліктілігін арттыруда 10 жылдан аса тәжірибесі бар, аталған бағдарлама бойынша Кембридж Бағалау кеңесінің сертификаттарына ие тренерлер, сайдың тасындай іріктелген кадрлар. 

Жоба аясында 411 кандидат қорытынды бағалаудан өтіп, жеке әңгімелесуге жолдама алды. Одан соң ұсынылған 403 кандидатқа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы сертификат табыстап, кадрлық резервке қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу