"414 млн теңгеден аса қаржы жымқырған": Қазақстандық футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеу жариялады.

"414 млн теңгеден аса қаржы жымқырған": Қазақстандық футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды Фото: inform.kz

Іздеуде жүрген азамат – Лория Григорий Отарович, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол – 1954 жылдың 18 наурызында туған Қазақстан Республикасының азаматы, "Қызыл-Жар СҚ" футбол клубы" ЖШС-нің бұрынғы президенті.

– Ол жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.

Тергеу дерегіне сай, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған, қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне көрінеу жалған мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз еткен, – делінген ресми хабарламада. 

Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.

– Егер іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауыңызды сұраймыз, – делінген мәліметте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу