42 500 теңге үшін өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданады

1784

Әлеуметтік төлем кейбір азаматтарға проактивті форматта тағайындалады.  

42 500 теңге үшін өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданады  Фото: Sputnik Казахстан

Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің мәлімдемесі.

"Бұл жолы осы күнге дейін үлгеру керек деген шектеу қоймаймыз. Бұл төлем шілде айына арналған. Бірақ порталдар 1 қыркүйекке дейін өтініштерді қабылдай береді", – деді Біржан Нұрымбетов.

Бұдан кейін министр табысынан уақытша айрылған азаматтарға берілетін 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем кейбір азаматтарға проактивті түрде тағайындалатынын айтты.

"Өткенде 42 500 теңгені сәтті алған тұрғындарды сараптай келіп, жағдайы өзгермеді-ау деп болжаған кісілерге сұрау жіберіп жатырмыз. Сіз өткенде 42500 теңге алдыңыз, бұл жолы да табысыңыздан айырылдыңыз ба деген SMS жібердік. Иә деген жауап келсе, сол тұрғынға еш өтінішсіз, төлем тағайындау шарасын жасаймыз. Сондықтан  бүгін SMS алған кісілер табыстан айырылғаныңызды растаған болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға өтініш берудің қажеті жоқ. Жай ғана өз мәртебеңізді тексерсеңіз, "Сіз үшін өтініш қабылданды" деп жазылып тұрады", – деді Біржан Нұрымбетов.

Осыдан соң министр әлеуметтік төлем не себепті өтінішсіз тағайындалмайтынын түсіндірді.

"Өткен жолғы мәліметтерге сүйеніп, 42500 теңгені неге төлей салмайсыздар" деген сұрақ қойылып жатыр. Иә, бізде бүкіл мәлімет бар. Бірақ бүгінгі шектеулер ТЖ қарағанда жеңілдеу және әр өңірде әр санитарлық дәрігердің шектеулері өзгеше. Көп құрылыс нысандары, қызмет көрсету салалары жұмыс істеп жатыр. Оның үстіне өткен жолы өтінім бермеген кісілер бұл жолы ақысыз демалысқа кетуі мүмкін. Сондықтан қайтадан өтініш берілуге тиіс", – деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу