44 жастағы теннисші Серена Уильямсқа тамаша сый жасалды

Ол – "Үлкен дулыға" турнирлерінің 23 дүркін чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы.  

44 жастағы теннисші Серена Уильямсқа тамаша сый жасалды Фото: straitstimes.com

Америкалық теннисші Серена Уильямс Уимблдон-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынына арнайы шақырту алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жаза кетейік, Серена Уильямс биылғы маусымның басында үлкен тенниске қайта оралып, маусым айының басында WTA 500 Лондон турнирі аясындағы жұптық сында канадалық Виктория Мбокомен бірге өнер көрсеткен еді.

Америкалық спортшы жекелей сында соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде өткен АҚШ ашық чемпионаты барысында кортқа шыққан. Ол турнирдің үшінші айналымында австралиялық Айла Томляновичтен 5:7, 7:6 (7:4), 1:6 есебімен жеңілгеннен кейін кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.

Уимблдон-2026 турнирі 29 маусым мен 11 шілде аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – польшалық теннисші Ига Швёнтек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу