"50 мыңнан – 5,5 миллионға": Кабо-Верденің қақпашысы санаулы сағатта әлемдегі ең танымал адамға айналды

Ол Испаниямен өткен ойында 7 сәтті сейв жасады.  

"50 мыңнан – 5,5 миллионға": Кабо-Верденің қақпашысы санаулы сағатта әлемдегі ең танымал адамға айналды Фото: Global Look Press

Осылайша, Кабо-Верде қақпашысы Возиньяның Instagram парақшасындағы оқырман саны 50 мыңнан 5,5 миллионға дейін көбейіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мен бұл күнді өмір бойы армандадым. Біз осы сәтті ұзақ күттік. Командадағы әр ойыншы барын салды. Испанияның әлемдегі ең үздік құрамалардың бірі екенін білдік, сондықтан бұл нәтиже – біз үшін ерекше қуаныш, – деді ол ойыннан кейін эмоциясын жасырмай.

Еске салайық, әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта ол испаниялықтардың бірнеше қауіпті соққысын қайтарып, әлемдік футбол жанкүйерлері мен журналистерінің назарына ілікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу