banner

54 адам көз жұмған – Қазақстандағы ең қауіпті мамандық аталды

4523

Қазақстанда 2020 жылы жұмыс орнында зардап шеккендердің саны 2033 адамды құрады. 

54 адам көз жұмған – Қазақстандағы ең қауіпті мамандық аталды

Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 78 оқиғаға аз. Әйтсе де жұмыс жұмыс орнында көз жұмғандардың саны 13 адамға өсіп, 203 адамға жеткен. Мұндай зерттеу қорытындысы жайлы мәліметті ranking.kz ақпарат көзінің зерттеушілері жариялап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұл ретте қайтыс болғандардың көпшілігі құрылыс (54 адам), содан кейін өңдеу (39 адам) және тау-кен (24 адам) өнеркәсібі саласында еңбек еткенін атап өту керек. Ал жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің көбі Қарағанды облысының кәсіпорындарында еңбек еткен: 443 адам. Одан кейінгі тізімде Шығыс Қазақстан облысы (314 адам) және Алматы (134 адам) тұр. Ал зардап шеккендердің ең азы Қызылорда (41 адам), Алматы (44 адам) және Солтүстік Қазақстан (50 адам) облыстарында тіркелген. 

Былтыр жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің жартысынан көбі жұмыс орнында өңдеу (520 адам) және тау-кен (349 адам) өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ құрылыста (229 адам) жұмыспен қамтылғандар. Зардап шеккендердің көпшілігі денсаулық сақтау (222 адам), сондай-ақ көлік және қойма (140 адам) салаларында еңбек еткен. 

Сақтандыру компаниялары 2020 жылы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша 39,8 млрд теңге көлемінде сыйлықақы жинапты. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық. Айта кетерлігі, сектордағы төлемдер көлемі қатарынан үшінші жыл қысқарып келе жатыр. Былтыр қаңтар-мамыр айларында жиналған сыйлықақылардың көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға, 14,7 млрд теңгеге дейін өскен. Өткен жылдардың трендіне қарамастан, төлемдер де өсімді көрсетіп отыр.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу