Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеті боксшысы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1/8 финал қорытындысы бойынша Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) және Владислав Саможонов (+90 келі) келесі кезеңге өтті.
Енді қазақстандық боксшылар жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, World Boxing ұйымы өткізетін әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу