9 тамыздан бастап бірқатар бизнес нысандарына түнге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі

1730

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жобасына белсенді қатысатын бизнес субъектілеріне 9 тамыздан бастап жұмыс істеу уақытын ұзарту құқы берілетінін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

9 тамыздан бастап бірқатар бизнес нысандарына түнге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі

"9 тамызға дейін, жұмыс күндері Ashyq жобасына қатысатын субъектілердің қызметі сағат 20:00-де, Ashyq көшбасшылары үшін сағат 22:00-де шектеледі. 9 тамыздан бастап Ashyq жобасына белсенді қатысатын кәсіп иелеріне сағат 24:00-ге дейін жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі", – деді министр. 

Алексей Цойдың айтуынша, бұл жеңілдік сауда-ойын сауық орталықтарын, сауда үйлерін, сауда желілерін, барлық қоғамдық тамақтану нысандарын, фитнес-орталықтар мен фитнес-клубтарды, сауналар мен СПА-орталықтарды, бассейндерді, сұлулық салондары мен шаштараздарды, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен сән салондарын,  караоке мен бильярдты, боулинг пен компьютерлік клубтарды және кинотеатрларды қамтиды. 

"Ashyq бойынша талап күшейтіледі, 0-ден 20-ға дейінгі чекин кезінде нысандар 1 аптаға, қайталанған бұзушылық кезінде 2 аптаға, келесі бұзушылық кезінде  – 1 ай қызмет көрсету құқығынан айырылады", – деді Алексей Цой. 

Айта кетейік, 2 тамыздан бастап орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. 

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу