Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов Румынияның "Петролул" клубы сапында жолдастық кездесуде нәтижелі ойын көрсетіп, гол авторы атанды. Плоешти қаласының командасы "Волунтариға" қарсы өткен матчта алғашқы минуттардан белсенділік танытты. Айымбетов негізгі құрамда алаңға шығып, бірінші таймда қарсылас қақпасын дәл көздеді. Сондай-ақ румыниялық клуб сапынан Георге мен Ханка гол соғып, матч 3:0 есебімен аяқталды.
Қазіргі уақытта Еуропа футболында халықаралық үзіліс жалғасып жатыр. Алайда қазақстандық шабуылшы ұлттық құрама сапына шақырту алған жоқ.
Айта кетейік, Абат Айымбетов "Петролул" клубына 2026 жылдың ақпан айында ауысты. Бұл қазақстандық футболшылар арасынан Румыния чемпионатына жасалған алғашқы трансфер.