Өзбек футболшысы бүгінде клубтың негізгі ойыншысына айналып та үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Англияның "Манчестер Сити" клубы өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановпен жаңа келісімшарт жасасып отыр.
Жаза кеткен жөн, Өзбекстанның 22 жастағы футболшысы ағылшын клуына 2025 жылдың қаңтар айында "Ланстан" ауысқан еді. Сол уақыттан бері ол негізгі құрамнан ойып тұрып орын алып, команданың ең маңызды ойыншысы атанды.
Абдукодир Хусанов соңғы маусымда "Манчестер Сити" сапында 37 ойын өткізді. Ол Англия Кубогы мен Ағылшын лигасының кубогын жеңіп алды және АПЛ-де екінші орынды місе тұтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу