Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына дзюдодан алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова – 48 келіге дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Митсуки Кондомен күш сынасты. Шиеленісті өткен белдесуде жапон палуаны басым түсті.
Бұл – Әбибаның сары құрлық ойындарындағы екінші күмісі. Әбужақынова 2023 жылы Ханчжоуда күміс жүлдегер атанған.
Сондай-ақ Әбиба – әйелдер арасында Азиаданың финалында Варвара Масягинадан (1998 жылы, Бангкокта күміс) кейін күрескен екінші отандасымыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу