13-15 қараша күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан Гран-при санатындағы халықаралық турнир жалауын желбіретеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық құрама намысын 8 ер және 9 әйел дзюдошы қорғайды. Олардың арасында тәжірибелі балуандар мен халықаралық жарыстарда мерейі үстем болып жүрген спортшылар бар.
Ерлер құрамасы:
- 60 келі: Аман Бақытжан, Нұрәділ Әлжан;
- 66 келі: Нұрқанат Серікбаев;
- 73 келі: Бақытжан Абдурахманов;
- 90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов;
- +100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.
Әйелдер құрамасы:
- 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
- 52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова;
- 57 келі: Дана Әбдірова;
- 63 келі: Эсмигүл Құйылова;
- 70 келі: Ажар Асхат;
- 78 келі: Екатерина Токарева;
- +78 келі: Аида Тойшыбекова.
Жаза кеткен жөн, Қазақстан құрамасы былтыр Загребте өткен осы турнирге қатыспады.
Ал биыл отандық дзюдошылар халықаралық рейтингтік жарыста белдесіп, жүлделі орын үшін күреспек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу