Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирінің финалына шықты

157

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр.

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирінің финалына шықты Фото: olympic.kz

Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақтың финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Элбакиевтен басым түсті. Осылайша қазақстандық дзюдошы ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен күреседі.

Ал Бақытжан Абдурахманов (73 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) финалдық кезеңге өте алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу