Абылайхан Жұбаназар халықаралық турнирде алтын жүлдеге қол жеткізді

300

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абылайхан Жұбаназар халықаралық турнирде алтын жүлдеге қол жеткізді Фото: olympic.kz

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз жарыстың шешуші кезеңіне дейін сүрінбей жетті.

Финалда Абылайхан Жұбаназар Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевпен белдесіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, қазақстандық спортшы Лозаннадағы Grand Slam жарысының алтын жүлдегері атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу