Абылайхан Жүсіпов әлем кубогының ширек финалына шықты

120

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда бразилиялық Кайян Рейсті 4:1 есебімен жеңді.  

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогының ширек финалына шықты Фото: Prosports.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Кайян Рейспен кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.

Осылайша Абылайхан Жүсіпов турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ал оның қарсыласы Кайян Рейс жарысты аяқтады.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2025 жылғы әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері. 

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңі 21 маусымда мәресіне жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу