Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогының жеңімпазы атанды

126

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайда өткен Әлем кубогының жеңімпазы болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогының жеңімпазы атанды Фото: boxingkazakhstan

70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Үндістан өкілі Дипакты айқын басымдықпен жеңіп, төрешілердің бірауыз шешімімен (5:0) чемпиондық атақты иеленді.

Абылайхан Жүсіпов турнир жолын сәтті бастап, әр кезеңде сенімді өнер көрсетті. 1/8 финалда Кайан Рейесті жеңді. Бұл қарсылас Әлем кубогының финалисті болғанымен, қазақстандық боксшы кездесуді толық бақылауда ұстап, 5:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалда Абылайхан Жүсіпов Шавкатжон Болтаевпен жұдырықтасып, тағы да айқын үстемдік танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Азия чемпионы Зейад Ишаишпен кездесіп, жекпе-жектің екінші раундында қарсыластың жарақатына байланысты жеңіске жетті.

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов турнир бойы жеңіліссіз өнер көрсетіп, Қытайдағы Әлем кубогының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу