Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен қысқы Олимпиаданың ширек финалына өтті

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.        

Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен қысқы Олимпиаданың ширек финалына өтті Фото: Сали Сабиров

Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықтың іріктеу жарыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының қос спортшысы да келесі кезеңге жолдама алды.

– Әлем кубогы кезеңдерінің және Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжіғалиев өз тобының жарысында мәреге бірінші болып жетіп, ширек финалға тікелей өтті. Ал әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы әрі Олимпиаданың ашылу салтанатында Мемлекеттік туды ұстап шыққан Денис Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсетіп, уақыт көрсеткіші бойынша ширек финалға жолдама алды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұл – Әжіғалиев пен Никиша үшін мансабындағы төртінші Олимпиада.

Ширек финалдан басталатын шешуші жарыстар 18-інен 19 ақпанға қараған түні жалғасын табады.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына тарихи алтын жүлдені салған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу