Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының спортшысы Абзал Тұлыбеков жамбы атудан (қырғыз стилі) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық спорттың бұл түрінен сынға түскен қазақстандық мерген жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, қарсыластарынан басым түсті.
Осылайша, Абзал Тұлыбеков VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу