Әлем чемпионаты-2026: Мбаппенің дублі Францияға жеңіс әкелді

Қос құрамада да сенегалдық ойыншылар көп.

Әлем чемпионаты-2026: Мбаппенің дублі Францияға жеңіс әкелді Фото: Gettyimages.ru

I тобындағы матч спортсүйер қауымның қатты қызығушылығын тудырды деуге негіз бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, футболдан 2026 жылғы мундиалдағы Франция мен Сенегал кездесуінің жеңімпазы анықталды. 

Екі құрама сапында да тәжірибелі футболшылар баршылық. Матч барысында алғашқы минуттан сенегалдықтардың белсенділігі байқалғандай. Десе де оған франциялық құрама лайықты жауап қайтарып отырды. 

Екінші таймда (66-минутта) Килиан Мбаппе мергендігімен танылса, Брэдли Баркола 82-минутта есепті еселей түсті. 95-минутта сенегалдық Ибрагим Мбайе өз атына гол жазды, оған франциялық Килиан Мбаппе 1 минут өтер-өтпестен тағы бір голмен жауап қайтарды. Қорытынды есепте Франция қарсыласын 3:1 есебімен қапы қалдырып отыр. 

Жаза кеткен жөн, қос құрама бұған дейін бір мәрте кездескен. 2002 жылы франциялық футболшылар 0:1 есебімен Сенегалға есе жіберген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу