ӘЧ: Көрермен көзайымына айналуы мүмкін ТОП-5 ойыншы кім?

АҚШ, Канада және Мексикада өтетін мундиаль жас таланттарының жасындай жарқылдауына мүмкіндік беретіні анық. 

ӘЧ: Көрермен көзайымына айналуы мүмкін ТОП-5 ойыншы кім? Фото: World Cup

Осы орайда, inbusiness.kz тілшісі жеке шеберлігі арқылы доп додасын қыздыра түсетін жас футболшылар тізімін жасақтап көрген еді. 

1. Ламин Ямаль (Испания).

"Барселонаның" жас шабуылшысы – бүгінде қарсылас үшін ең қауіпті ойыншының бірі. Жылдамдығы мен техникасына сенетін Ямаль Еуро-2024-тегі жарқын ойынынан соң әлем чемпионатының да басты жұлдыздарының бірі атанары сөзсіз.

2. Дезире Дуэ (Франция).

"ПСЖ" шабуылшысы аз уақытта Францияның ең мықты жас таланттарының қатарына қосылып үлгерді. Бірнеше позицияда теңдей ойнай алатын футболшы жекпе-жектегі сенімділігімен және гол соғу қабілетімен дараланады. 

3. Арда Гюлер (Түркия). 

Мадридтің "Реал" клубында сәтті ойнап жүрген Арда Гюлер – түрік футболының үлкен үміті. Оның техникалық шеберлігі, алаңды көру қабілеті мен алыстан дөп соққы жасай алуы есімін Еуропадағы ең перспективалы жас жартылай қорғаушылар қатарына еріксіз қосады. 

4. Эндрик (Бразилия). 

Бразилиялық шабуылшы әлем футболындағы ең талантты жас форвардтардың бірі саналады. Жеке шеберлігі мен физикалық қуатының арқасында ол матч тағдырын жалғыз өзі өзгерте алатын қабілетке ие. "Лиондағы" жұлдызды шағынан соң Эндрик ұлттық құрамада да өзін өте сенімді ұстайды. 

5. Жоау Невеш (Португалия). 

Португалиялық жартылай қорғаушы тактикалық ойлау қабілетімен, дәл пастарымен көзге ерекше түседі. Спорт сарапшылары жас талантты ұлттық құраманың сөзсіз маңызды ойыншыларының бірі ретінде қабылдайды. 

Бұған дейін біз "Мундиалға 40 жастан асқан неше футболшы қатысуы мүмкін?" деген тақырыпта материал жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу