Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

253

11 шілде-3 тамыз аралығында Сингапурде су спорты түрлерінен 22-әлем чемпионаты өтуде. 

Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында жаңа Қазақстан рекордын орнатты - 23.33 секунд. Бұл нәтиже ол 18-орынға жайғасты. Алайда финалға тек үздік 16 спортшы ғана жолдама алды.

Бүгінгі көрсеткіш Әділбектің жеке мансабындағы ең жоғары нәтиже және ұлттық деңгейдегі рекорд. Ол бұған дейін де 50 және 100 метрлік баттерфляй жарыстарында бірнеше рет ел рекордын жаңартып, халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап жүрген тәжірибелі спортшылардың бірі.

Сондай-ақ 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында сынға түскен Софья Сподаренко 1:02.88 уақыт нәтижесімен 43-орынға тұрақтады. Енді Софья өзге жаттығуларда жарысты жалғастырады.
Бүгін Арсен Қожахметов те жарыс жолына шықты. 100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында жерлесіміз 1:02.82 көрсеткішін тіркеді. Өкінішке қарай, бұл нәтиже жарыстың жартылай финалына шығуға жеткіліксіз болды.

Әлем чемпионаты 3-тамызға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу