Әділет Ахметғали Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

164

Қазақстандық спортшы 81 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.  

Әділет Ахметғали Азия ойындарының қола жүлдегері атанды Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

Қазақстандық курашшы Әділет Ахметғали Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы жартылай финалда Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевқа 0:10 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін ширек финалда Әділет Ахметғали Тайпей спортшысы Хе Сунгты 10:0 есебімен жеңген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу