Әділжан Жаудинов дзюдодан Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді сыйлады

213

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Әділжан Жаудинов дзюдодан Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді сыйлады Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Финалда Әділжан Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановтан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) мен Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) чемпион атанған еді.

Ал Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль иеленді.

Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу