Ағайынды боксшылар Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды

805

Астана қаласының спортшысы Нұрбек Оралбай Италиядағы турнирге әдемі нүкте қойды. 

Ағайынды боксшылар Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды Фото: Астана қаласының әкімдігі

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз шешуші айқаста ирландиялық Кейлин Кессидимен жұдырықтасты, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қажетті ара-қашықтықты дәл ұстанған Нұрбек ирландиялық қарсыласынан мықтылығын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандыққа беріп, Оралбайдың қолын көтерді.

Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының жеті лицензиясы бар. Ал оның екеуін Астана қаласының былғары қолғап шеберлері алған болатын.

Атап айтқанда, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы (92 кг) Айбек Оралбай мен оның сыңары 80 келідегі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу