Ағайынды Сабырхандар Испаниядағы турнирді жеңіспен бастады

189

Бүгін Boxam Elite-2026 турнирінің екінші жарыс күні өтуде. 

Ағайынды Сабырхандар Испаниядағы турнирді жеңіспен бастады Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Махмұд Сабырхан Испанияда өтіп жатқан беделді Boxam Elite-2026 турнирінде еш қиындықсыз келесі кезеңге жолдама алды. Алғашқы жекпе-жекте ол Франция өкілі Гаучер Изаямен кездесіп 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша, кездесу фавориті саналған қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. 

Төрехан Сабырхан да (70 кг) Испаниядағы екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті.
2025 жылғы әлем чемпионы бұл жолы Канада боксшысы Майома Коучты 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ, 4-ақпанда Рахмина Абдумежитова Испания спортшысы Ноэлия Сальмерон Гутьерреске есе жіберсе, Азиза Исина Үндістан өкілі Чордари Андуиатиге қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапты. 

Ал Нұрзат Оңғаров канадалық Рок Исаяны 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шықты. Дәл осындай нәтижеге Санжар Тәшкенбай да қол жеткізді. Ол үндістандық қарсыласы Риши Сингхты 4:1 есебімен жеңді. 

Турнир 8-ақпанға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу