Ағымдағы шот сальдосы 10 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

15835

Энергия тасымалдаушылардың төмен бағасы ағымдағы шот тапшылығын 1,5 есе үлкейтіп, сауда балансына әсер етті.

Ағымдағы шот сальдосы 10 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

2016 жылы елдің төлем балансының ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 8,2 млрд долларды құрады деп көрсетілген Ұлттық банктің бүгінгі таратылған баспасөз хабарламасында. Өткен жылдың қорытындысы 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 50%-ға (5,5 млрд долларға) төмен екендігіне реттеуші статистикасы дәлел. "Қара алтын" бағасына қатысты кері жағдай сақталатын болса, шот тапшылығы да сақталады деп болжады сарапшылар.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың кері сальдосы 2007 жылдың 8,37 млрд доллар рекордын толығымен жаңартты деп көрсетілген елдің төлем балансының ретроспективті шолуында.

Ағымдағы шоттың әлсіреуі "экпорт табысын қысқарту барысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асып жатқан мұнай-газ жобаларына ивестицияны арттыру" салдарынан болуы мүмкін, деп есептейді қаржы реттеушісі.

Өткен жылы сауда балансы 2015 жылғы деңгейдің төрттен бір бөлігі (25,5%-ға немесе 3,23 млрд доллар) дәрежесіне, яғни 9,44 млрд долларға дейін түсті. Бұл – 2005 жылдан бергі (ол кезде тауарлармен сауда балансы 10,3 млрд доллар болатын) ең төменгі көрсеткіш.

Экспорт табысының 20%-ға, 37,24 млрд долларға дейін құлдырауы ішкі сауда статистикасына кері әсер етті. Ал импорт 17,8%-ға, 27,8 млрд долларға дейін түсті.

Елдің экспорт табысындағы шикі мұнайдың үлесі 70%-дан 53%-ға дейін төмендеді, бірақ бұрынғыша салмақты екенін мемлекеттік статистика комитетінің 2016 жылдың 11 айындағы сыртқы сауда статистикасы мәліметінен (жаңа статистика әзірге жоқ) көруге болады.

Ұлттық банктің есебіне жүгінсек, былтыр Brent маркалы "қара алтынның" бір баррелі 42,8 долларды құрап, 2015 жылғы орташа мәннен 15,7%-ға аз болды. Қазақстанның мұнай мен газ конденсатын экспорттаудан түскен таза табысы 27,6%-ға түсті деп мәлімдеді бірінші деңгейлі банк.

Өткен жылы қызмет балансы импорт қызметінің төмендеуі есебінен 327 млн долларға жақсарды, бірақ жағымсыз деңгей 4,8 млрд доллар деңгейінде қалды. Инвестициялық табыс сальдосы 11,3 млрд доллар деңгейінде қалыптасты, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Инвестициялық табыс 14,2%-ға артты. Сонымен бірге инвесторларға төленеді деген табыстың 60%-ы көбінесе Қазақстанның мұнай-газ секторына қайта инвестицияланды деп мәлімдеді реттеуші.

Ұлттық банктің төлем балансының алдын ала бағалауына сүйенсек, бастапқы және екінші табыстың балансы жағымсыз 12,47 млрд және 343 млн доллар деңгейінде қалыптасты. Сонымен бірге тікелей инвестициядан түскен таза табыс үлесі 10 млрд доллардан асты.

Қаржылық есеп елге келген капитал ағыны бір жыл бұрынғы 9,97 млрд долларға қарсы 9,3 млрд доллар мөлшеріне жеткенін көрсетті. Бұл жерде тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) негізгі драйвер болды. ТШИ сальдосы 14,3 млрд доллардан асып, 2015 жылғы мәннен 4,2 есеге көп болды.

Сонымен бірге Ұлттық банк "2016 жылдың III тоқсанында 6,3 млрд доллар мөлшеріндегі тікелей шетелдік инвестиция ағынының рекордтық көрсеткіші тіркелгенін" мәлімдеді. Төлем балансының басқа операциялары бойынша капиталдың жылыстауы 1,7 млрд доллар деңгейінде қалыптасып, 2015 жылғы көрсеткіштен айтарлықтай аз болды.

Ұлттық банктің алтын валюта қоры (АВҚ) 2017 жыл басында 29,5 млрд долларды құрады, бұл Қазақстандағы тауар мен қызмет импортының 9 айына тең. Бір жыл бұрын АВҚ тауар мен қызметтің орташа импортының тек 7 айын ғана жапқан болатын.

Ағымдағы шот балансының қалыпқа келуі баяу іске асады деп болжайды Halyk Finance. Инвестбанк сарапшыларының ойынша, негізгі себептің бірі – "мұнай бағасының баяу қалыпқа келуі. Импорттың алдағы уақыттағы қысқару әлеуеті импорттық инвестициялық тауарларды қолдану қажеттілігіне байланысты таусылуы".

Тұтыну саласындағы қысқару халықтың табыстарының төмендеуіне байланысты жалғасады дейді компаниядағылар. Нақты жалақы желтоқсан айында 21 ай қатарынан түсті дейді мемлекеттік статистика комитеті. Ұлттық банктің бағалауынша, нақты ақшалай табыс қараша айында 5,9%-ға түскен. Ал желтоқсандағы нақты жалақы бір жыл бұрынғы деңгейден 3,6%-ға аз болды.

Арман Жақып

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу