banner

АХҚО биржасындағы сауда-саттық көлемі 71,2 пайызға өсті

3181

Astana International Exchange (AIX) биржасының нарыққа арналған шолуы жарияланды.

АХҚО биржасындағы сауда-саттық көлемі 71,2 пайызға өсті

AIX биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі қыркүйек айында 20 718 873 АҚШ долларын құрады. Көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 71,2 пайызға өсті. Биржадағы белсенділік 2021 жылдың қаңтар айынан бері жалғасып келеді. Дәлірек айтсақ, қаңтар-қыркүйек аралығында сауда-саттық көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 есе артқан.

2021 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай бойынша AIX биржасының ресми тізіміне 64 түрлі эмитенттің 108 бағалы қағаз шығарылымы енген. AIX биржасының сауда мүшелеріне 18 қазақстандық және 11 халықаралық брокер жатады. AIX-тің орталық депозитарийінде инвесторлардың 145 мыңнан астам шоты ашылған.

Қыркүйек айында AIX-те 25 млн долларға "Мобильді әлем" ЖШС-ның долларлық облигацияларының листингі өтті. Сондай-ақ Freedom Finance-пен бірлесіп Fixed Income USD жергілікті аралық инвестициялық пай қорының кірістілік көрсеткіштеріне байланыстырылған Freedom Finance IUIF Fixed Income USD биржалық нотасы листингке алынды.

Ағымдағы құралдардан бөлек, қыркүйек айында Halyk Finance-пен ынтымақтаса отырып AIX-те AIX Qazaq Index (AIXQI) индексіне байланыстырылған екі биржалық нота листингке шығарылды. Бұлар – AIX Qazaq Index (QZP) және AIX Qazaq Index Active (QZA). Алғашқысы, AIXQI индексімен айқындалатын пропорцияда іс жүзінде өзінің барлық активтерін қазақстандық акцияларға инвестициялайтын пассивті инвестициялық тәсілі бар биржалық нота. Соңғысы, AIXQI-ге енгізілген бағалы қағаздарға, сондай-ақ AIX-те листингке алынған басқа да бағалы қағаздарға қаражат салатын инвестициялық менеджердің белсенді басқаруы есебінен AIXQI-ден озып шығуға арналған белсенді басқарылатын инвестициялау құралы.

Қыркүйек айының соңында AIX-те үлестік құралдар листингі бар компаниялардың жалпы нарықтық капиталдандырылуы ("Қазатомөнеркәсіп", Polymetal, "Халық Банкі", Ferro-Alloy Resources Limited, "Банк ЦентрКредит", Kaspi.kz, Kcell), 44 млрд АҚШ долларынан асты.

Қыркүйек AIXQI индексі үшін жоғары құбылмалылықпен өтті. 15 қыркүйекте уран бағасының ралли аясында "Қазатомөнеркәсіп" акцияларының айтарлықтай өсуі (23,28 пайызға) есебінен индекс мәні рекордтық жоғары белгіге – 1103,29 пунктке жетті.

Алайда индекс бұл деңгейде біржол бекіп қала алмады және қыркүйек айының ортасынан бастап төмендей бастады. Бұған уран нарығындағы түзету, ФРЖ-ның сандық жұмсарту бағдарламасын (QE) біртіндеп қысқартуға және Polymetal (15,06 пайызға) және Central Asia Metal (10,63 пайызға) бағаларының айтарлықтай төмендетуіне байланысты қор нарықтарындағы жалпы көңіл-күй дұрыс болмады. Энергия бағасының өсуі жағдайында инвесторлар электр энергиясының тапшылығы байқалатын салалардан шығуға бейім. Бұл түсті металл өндірушілердің акцияларының жаһандық төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар мұнай бағасының өсуі KazTransOil компаниясының бағасына оң әсерін тигізді, яғни 5,2 пайызға өсті.

AIXQI индексіне кіретін банк секторы компанияларының акциялары аса бір үлкен өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Kaspi (6,53 пайызға) және "Халық Банк" (2,09 пайызға) төмендеді. Ал "ЦентрКредит Банкі" 2,49 пайызға өсті. Сондай-ақ "Қазақтелекомда" да өсу байқалды – 2,21 пайыз. AIXQI қыркүйекті 1034,42 пункт мәнінен бастап, 1031,61 пункт белгісінде айды аяқтап. Қыркүйек қорытындысы бойынша 0,27 пайызға аздап төмендеді.

Ғалия Әділ


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз! 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу