Айбек Оралбай Азия ойындарының жеңімпазы атанды

Бұған дейін Төрехан Сабырхан Қазақстанға 12 жылдан кейін бокстан Азия ойындарының алтынын сыйлаған еді.

Айбек Оралбай Азия ойындарының жеңімпазы атанды Фото: ҚБФ

Ал Айбек Оралбай бұған дейін 90 келіден жоғары салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілі Нарендерді жеңген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық боксшы (+90 кг) финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңді. Қорытынды есеп – 5:0.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындары өзі үшін әлі бітпегенін, ақтық айқаста барын салатынын айтқан еді. 

Осылайша, Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай XX жазғы Азия ойындарында алтын иеленіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу