Германияда өтіп жатқан әлемдік студенттер ойынында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл жетістікке көркем гимнастикадан сынға түскен Айбота Ертайқызы қол жеткізді.
Ол жекелей бағдарламадағы таспа жаттығуында 3-орынды иеленіп, үздік үштікті түйіндеді.
Турнирде Өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова топ жарып, алтын медальға қол жеткізсе, бейтарап мәртебедегі Алина Горносько күміс жүлдені еншіледі.
Сондай-ақ, Дамир Шуленов Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда қытайлық спортшыға есе жіберді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу