Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты.
Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Еске салсақ, Айдос Сұлтанғали былтыр Загребте өткен әлем чемпионатында алтын тұғырға көтерілген еді. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) үшінші орын алған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу