Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

100

Жерлесіміз Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды Фото: olympic.kz

Ол 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Еске салсақ, Айдос Сұлтанғали былтыр Загребте өткен әлем чемпионатында алтын тұғырға көтерілген еді.

Осылайша ұлттық құрама қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) үшінші орын алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу