Айдос Сұлтанғали "Жылдың үздік спортшысы" атанды

103

Спорт саласындағы үздіктер марапатталды. 

Айдос Сұлтанғали "Жылдың үздік спортшысы" атанды

Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында "Үздік – 2025" республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді.

Конкурстық комиссия шешімімен "Жылдың үздік спортшысы" аталымы бойынша грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Айдос Сұлтанғали үздік деп танылды.

Ал "Жылдың үздік жаттықтырушысы" аталымында Райымбек Ғабиден лауреат атанды.

"Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы" аталымы жасөспірімдер арасындағы (U17) әлем чемпионы Мадхия Усманованы дайындаған Хислат Мамметовке берілді.

"Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері" аталымымен Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қызмет ететін Алтынбек Сарбулин марапатталды. Ол күрес түрін дамытуға және әдістемелік жұмысқа көп жылдық үлес қосқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу