"Әйелдер қандай жағдайда да әдемі киінгенді қалайды"

9281

БҚО дизайнері қауымдастық құрды.

"Әйелдер қандай жағдайда да әдемі киінгенді қалайды"

БҚО дизайнерлері карантиндік шектеу күшінде тұрған кезде өздерінің ресми қауымдастығын құрды. Мұны өңірдегі жеңіл өнеркәсіптің дамуы жолында жасалған шағын қадам деп бағалауға болады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы дизайнерлері мен модельерлері қауымдастығы биыл 26 наурыз күні ҚР әділет министірлігі БҚО Әділет департаментінде заңды түрде тіркелді. Содан бергі аз уақыт ішінде ұйым екі рет ұлттық нақыштағы киімдердің онлайн-көрмесін өткізген, сондай-ақ, тігіншіліктің және кәсіптің қыр-сырын үйренгісі келген тұрғындарға арнап тегін шеберлік сабақтарын жүргізіп жатыр. Болашақта сән көрмесін ұйымдастырып, дизайнерлік киімдер бутигін ашу жоспарланған.

"Пандемия бізге келіп түсетін тапсырыстарға аса әсер ете қойған жоқ. Соның ішінде, әйел адамдар қандай жағдайда да талғаммен киінгенді, өзгелерден ерекшеленгенді қалайтынын көрсетіп отыр", - дейді қоғамдастық төрайымы Әсем Сырымова.

Сондай-ақ, Әсем Кенжебайқызы жергілікті дизайнерлер мен модельерлер қауымдастығына кеңсе тауып беріп, жұмысының алға басып, аяғынан тік тұрып кетуіне көмектесіп, қолдау білдіріп отырған БҚО кәсіпкерлер палатасына ризашылық білдіреді. Белгілі болғандай, қоғамдастыққа мүше болуға облыстан 65 адам өтініш білдірген, олардың ішінен, арнайы білімінің, кәсіпкерлік нысанының болуы сияқты талаптарға сәйкес келетін 20 дизайнер мүшелікке қабылданған.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу