Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

224

Ресми мәліметке сәйкес, бұл қызметке Нұрсұлтан Теміров тағайындалды.

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды Фото: Olympic.kz

Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол 2014 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар, ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбек етті.

Сондай-ақ әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова және тағы басқа балуандарды тәрбиелеген.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сағадиев атқарған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу