Әйгілі "Аякс" футбол клубының бұрынғы бапкері Қазақстан құрамасын жаттықтырады

139

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да құрылды. 

Әйгілі "Аякс" футбол клубының бұрынғы бапкері Қазақстан құрамасын жаттықтырады Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес ҚФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделеді.

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысынан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.

Футболшы ретінде Джон ван ’т Шкип Амстердамның "Аякс" және Италияның "Дженоа" клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасында ойнады. Ұлттық құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды.

Бапкерлік жолын "Аякстың" жүйесінде бастап, бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ "Твенте", "Зволле", Мексиканың "Гвадалахара" және Аустралияның "Мельбурн Сити" командаларының тізгінін ұстады. 2016 жылы "Мельбурн Сити" клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.

Халықаралық деңгейде Джон ван ’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарды.

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да құрылды. Бас бапкердің көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов болса, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский және сарапшы бапкер Тимур Құсайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу