Әйгілі қазақ жылқысы Кабирхан сәтсіздікке ұшырады

9921

Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен ат жарысынан әлем кубогында бақ сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйгілі қазақ жылқысы Кабирхан сәтсіздікке ұшырады Фото: baige.federation

Аталған жарыста ол жүлделі орыннан көріне алған жоқ.

Бәйгеде жетінші нөмірмен сынға түскен Laurel Rival сәйгүлігі жеңіске жетті. Ал Кабирхан негізгі топтың арасында мәре сызығын кесіп өтті. Ол бәйгеде мәре сызығын тоғызыншы болып қиды.

Әлем кубогына дүниежүзінің көптеген елдерінен сан алуан бәйгеде топ жарған жүйріктермен бәсекеге түсті.

Айта кетсек, халықаралық ат спорты федерациясының ресми мәліметіне сәйкес, әлемде 450 мың жүйрік ат бар. Оның ішінде 200 мың жылқы үнемі әлемдік жарыстарға қатысады.

Бұл туралы "Республикалық зауыт жылқылары тұқымы палатасы" Президенті Талғат Жайсанбаев айтты.

Кабирхан – қазір 4 жастағы асыл тұқымды жылқы. Әкесінің есімі – Калифорния Хром, енесінің есімі – Литтл Эмили. Калифорния Хром Кентукки дербиінен бастап, Бридерз Капке дейінгі АҚШ-тың көптеген беделді ат бәйгелерінің жеңімпазы.

Негізі Кабирхан АҚШ-та өмірге келген, 1,5 жасында Кинэленд аукционында сатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу