Мұндай тосын ақпаратты АҚШ-тың Допингке қарсы агенттігінің (USADA) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
UFC сайтында жарияланған ақпаратта Макгрегордың 2024 жылы 12 айда үш биологиялық үлгі алу әрекетін өткізіп жібергені анықталды, бұл бұзушылық болып саналады.
Ирландиялық спортшы 2024 жылдың 13 маусымында, 19 және 20 қыркүйек күні биологиялық үлгілерін тапсырмаған.
Жалпы, UFC спортшылары алдын ала ескертусіз биологиялық үлгілерді жіберуге болатындай нақты орналасқан жер туралы ақпаратты ұсынуы керек.
Десе де, бұрынғы чемпион жауапкершілікті мойындап, тергеумен толық ынтымақтастық орнатып отыр.
Сондықтан, стандартты екі жылдық дисквалификация 18 айға дейін қысқарған.
Оны дисквалификациялау мерзімі 2024 жылдың 20 қыркүйегінде (орналасқан жері туралы ақпарат ұсыну тәртібін үшінші рет бұзған күні) басталып, 2026 жылдың 20 наурызында аяқталмақ.