Айнетдинова келесі кезеңге өтті

724

Қазақстандық Гөзал Айнитдинова Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour "BeeTV 40 Women's" турнирінің екінші айналымына өтті.

Айнетдинова келесі кезеңге өтті

Дүниежүзілік рейтингте 505-орында тұрған Айнитдинова бастапқы кездесуін әлемнің 193-ракеткасы, ресейлік Анастасия Захаровамен өткізді. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Тағы бір қазақстандық Анна Данилина жекелей сында македониялық Лина Джерческаға (223 WTA) 1:6, 4:6 есебімен жол берсе, Жібек Құламбаева хорватиялық Тена Лукастан ұтылып қалды – 2:6, 6:7 (3:7). Аружан Сағындықова әлемнің 167-ракеткасы, ресейлік Полина Кудерметовамен кездесуде бірінші сетте 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады – 4:6, 1:6.

Елордада Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетіп, 14 жасар теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды. Әйелдер арасында астаналықтар – 15-тегі Альбина Кәкенова мен одан бір жас кіші Ариана Гогулина бас жүлдені сарапқа салды. Ширек финалдан бастап Ариананың кездесулері тартысты өтіп, үш сетке созылды.

Финал да солай болды. Бірінші партияда Альбина 6:4 есебімен басым түсті. Одан кейін екі сетте Гогулина таразы басын аудара білді – 6:2, 6:2. Осылайша, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 14 жасар спортшы ересектер арасында жеңімпаз атанды. Қола жүлде Айя Мырзақұлованы 0:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан Әдемі Аманкелдіге бұйырды. Ерлер арасында Тимур Мәуленов өз спорттық жолында бірінші рет ел чемпионы атағына қол жеткізді. Ол финалда Арысланбек Айтқұловты жеңді – 7:5, 6:3. Қола жүлдеге Никита Сидоровты 6:4, 6:7 (8:10), 6:4 есебімен тізе бүктірген Тимур Хабибулин ие болды.

Жұптық сында мына теннисшілер жүлдеге ілікті.

Ерлер:

1. Артур Хайрутдинов - Максим Батютенко

2. Ілияс Маратұлы - Вячеслав Кауфельд

3. Тимур Хабибулин - Арысланбек Айтқұлов.

Әйелдер:

1. Ульяна Романова - Полина Слепцова

2. Мария Синицына - Карина Жұмажанова

3. Альбина Кәкенова - Айя Мырзақұлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу