Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айша Әбдімәлік Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
65 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық балуан жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды сенімді жеңді.
Енді Айша Әбдімәлік алтын медаль үшін Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен күш сынасады.
Ал 49 келіге дейінгі салмақта Аянат Мейнамбай қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу