Айым Серікбаева таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

133

Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айым Серікбаева таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Мексика өкілі Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнир чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 3 жүлде бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола медаль иеленген болатын.

Айым Серікбаеваның бұл жетістігі – ұлттық таеквондо тарихындағы маңызды оқиға. Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде соңғы рет 2006 жылы ғана алтын медаль жеңіп алған еді. Осылайша, араға 20 жыл салып ел қоржынына алтын жүлде қайта түсті.

Айта кетейік, Айым Серікбаева бұған дейін Азия чемпионы атанып, жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы ретінде танылған.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу