Ақ үй Иранның МАГАТЭ-мен байланысын үзгенін сынға алды

276

Тегеран билігі райынан қайтар емес.  

Ақ үй Иранның МАГАТЭ-мен байланысын үзгенін сынға алды Фото: Reuters

АҚШ Иранның МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Иран Президенті Масуд Пезешкиан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) ынтымақтастықты тоқтата тұру туралы заңға қол қойды. Бұған дейін заңды Парламент қабылдаған болатын. Ел билігінің айтуынша, МАГАТЭ АҚШ пен Израильдің Ирандағы ядролық нысандарға шабуылын айыптағаннан кейін ғана агенттіктің инспекторларын елге кіргізбек. 

Сонымен қатар агенттіктің елдегі ядролық нысандардың қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс екені де айтылған.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюстің сөзінше, Иран "МАГАТЭ-мен ынтымақтастық орнатуы керек".

"Иранның МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешімі дұрыс емес. Себебі қазір Иранның өз бағытын өзгертіп, бейбітшілік пен өркендеуді таңдауға мүмкіндігі бар", – деді Брюс. 

G7 елдері де Тегеранға халықаралық агенттікпен байланысын қайта жандандыруды ұсынып отыр.

Deutsche Welle жазуынша, МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Израиль мен АҚШ-тың соққыларынан кейін Ирандағы ядролық нысандарға барып, келтірілген залалды бағалауды мақсат еткен. Сондай-ақ агенттік байытылған уран қорын тексергісі келген. Бірақ та, Тегеран билігі тиісті рұқсат беруден бас тартқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу