Акционерлер Orda Glass шыны зауытына қатысты бір шешімге келген жоқ

1756

Акцияның 20 пайызына ие америкалық акционер қытайлық инвесторларды тартуға асығар емес.

Акционерлер Orda Glass шыны зауытына қатысты бір шешімге келген жоқ

Қазақстан Даму банкі басқармасы төрағасының орынбасары Думан Әубәкіровтың сөзінше, 2017 жылдың тамыз айында қарыз беруші Қазақстан Даму банк - Orda Glass Ltd және қытайлық компания арасында  мердігерлік келісімшарт жасалып,  қосалқы мердігерлік ұйымдар тартылған. Желтоқсанда жұмыс күштерін жұмылдыру жұмыстары жүргізілген. "Егер қосымша сома жайлы айтар болсақ, онда бұл мәселе көтерілмейді және қарастырылмайды да. Егер барлық өзекті жоспар сақталатын болса, онда 2018 жылдың соңына дейін жобаны бітіруіміз керек", – деді Думан Әубәкіров.

Қазақстан Даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев жобаға қытайлық инвесторлар ену үшін жобаға қатысушы барлық несие беруші мен акционерлердің келісімі қажет екенін айтады.

"Жобаға басты несие беруші – Қазақстан Даму банкі, бірақ акционерлер арасында қытайлық инвесторларға акцияларын сатқысы келетін акционерлер де бар және сондай акционерлердің бірі Orda Glass акциясының 20 пайызына ие америкалық "Стюарт Инжиниринг" компаниясы болса қытайлық инвесторлардың жобаға енуіне қатысты сұрақтардың басын ашып алғысы келеді. Қазіргі уақытта облыс әкімі, "Бәйтерек" холдингі және біз, несие беруші ретінде акционерлердің арасында қолайлы шешімді табуды жылдамдатуға тырысып жатырмыз. Бірақ та бұл басқаруы қиын процесс. Сол себепті қазіргі уақытта жобаның қазақстандық орнына қытайлық компания кірген бөлігі іске асуда. Жұмыстың  басты көлеміне қатысты акционерлердің өзара келісіп анықтап алғандары дұрыс. Жобаға қатысушылар қаржыландыруға байланысты банкке әзірге  қандай да бір сұрақ қойып отырған жоқ. Келіссөздер нәтижесін кұтіп отырмыз".  

Еске салар болсақ, шыны зауытының құрылысына байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы, ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бішімбаевқа қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр. Оған миллиардтаған қаражатты ұрлады деген айып тағылуда.

Гүлназ Ермағанбетова, Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу