Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында финалға жолдама алды

128

Ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет бақ сынады.  

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында финалға жолдама алды Фото: olympic.kz

Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасының сапында ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет бақ сынаған Ақмарал Ерекешева үш финалға жолдама алды.

Жекелей көпсайыста гимнастардың ең үздік үш нәтижесі есепке алынды. Ерекешева 84,200 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға өтті. Шешуші кезеңге барлығы 18 спортшы іріктелді.

Қазақстандық гимнаст жекелей жаттығу түрлерінде де медаль үшін таласады. Ақмарал ұршықтармен орындалатын жаттығуда 29,000 ұпай жинап, төртінші нәтиже көрсетті. Таспамен орындалатын жаттығуда да 28,350 ұпай алып, төртінші орынға ие болды. Әр жаттығу түрі бойынша үздік сегіз спортшы финалға өтті.

Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңінен өте алмады. Көпсайыста ол 24-орынға тұрақтады. Жекелей жаттығу түрлерінде Айбота шығыршықпен 10-орын, доппен 33-орын, ұршықтармен 15-орын және таспамен 32-орын алды.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 14 тамызда басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу