Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында финалда үздік бестікке енді

219

Қазақстандық гимнаст үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды.  

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында финалда үздік бестікке енді Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

16 тамызда спортшы таспа және ұршықтармен орындалатын жаттығулардың финалына қатысты.

Ұршықтармен орындалатын жаттығуда Ерекешева 29.400 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды. Ал таспамен орындалатын жаттығуда 27.350 ұпаймен сегізінші орын алды.

Бұл – Ақмарал Ерекешева үшін ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Бұған дейін қазақстандық гимнаст жекелей көпсайыста алтыншы орын алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу