Ақмарал Ерекешева Испанияда 2 қола медаль жеңіп алды

306

Қазақстандық гимнаст ұршық пен таспа жаттығуларынан жүлдегер атанды.  

Ақмарал Ерекешева Испанияда 2 қола медаль жеңіп алды Фото: Prosports.kz

Испанияда көркем гимнастикадан Liga Iberdrola клубтық лигасының кезеңі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыста Қазақстан намысын қорғаған гимнаст Ақмарал Ерекешева жоғары нәтиже көрсетті. Спортшы ұршық және таспа жаттығулары бойынша екі қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін өткен Азия чемпионатында Ақмарал Ерекешева көпсайыстағы төрт жаттығуды да сенімді орындап, жекелей финалда ұршық жаттығуынан күміс медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ доп және шығыршық жаттығуларында екі қола жүлдеге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу