Ақмарал Ерекешева Италиядағы Әлем кубогында ұршықтармен жаттығуда үздік ондыққа енді

124

Қазақстандық гимнастар Миландағы Әлем кубогында өнер көрсетті.  

Ақмарал Ерекешева Италиядағы Әлем кубогында ұршықтармен жаттығуда үздік ондыққа енді Фото: nur.kz

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жекелей сында Қазақстан құрамасының намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғады.

Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол көпсайыс қорытындысында 11-орынға тұрақтап, ұршықтармен орындалатын жаттығуда тоғызыншы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ шығыршықпен жаттығуда 13-орын, лентамен 15-орын, доппен 18-орынға ие болды.

Айбота Ертайқызы көпсайыста 32-орыннан көрінді. Ол лентамен жаттығуда 12-орын, доппен 22-орын, шығыршықпен 35-орын және шоқпармен 63-орын алды.

Әлем кубогының бұл кезеңінде Қазақстанның топтық құрамасы да бақ сынады. Ұлттық құрама көпсайыста 15-орынға тұрақтап, үш шығыршық пен ұршықпен орындалатын жаттығуда 12-нәтиже көрсетті. Ал бес доппен орындалған бағдарламада 19-орынға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу