Спортшы таспамен орындалатын жаттығуда қола жүлдеге қол жеткізді. Финалда Ерекешева 27 ұпай жинады.
Германия өкілі Дарья Варфоломеева жарыс жеңімпазы атанды – 28.800 ұпай. Италия гимнасты София Раффаэли 28.500 ұпаймен екінші орынды иеленді.
Айта кетейік, Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығудың финалында да өнер көрсетіп, алтыншы орын алды (27.950). Ал көпсайыстың қорытындысы бойынша отандасымыз оныншы орынға тұрақтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу