Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Германиядағы әлем чемпионатында алтыншы орын алды

166

Жарыс аясында жекелей көпсайыстың финалы аяқталды.

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Германиядағы әлем чемпионатында алтыншы орын алды Фото: olympic.kz

Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының намысын Ақмарал Ерекешева қорғады. Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық гимнаст 115,800 ұпай жинап, қорытынды есепте алтыншы орынға ие болды.

Жарыста Германия өкілі Дарья Варфоломеев 119,500 ұпаймен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Болгария өкілі Стиляна Николова (117,600) иеленсе, италиялық София Раффаэли 117,550 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Ақмарал Ерекешеваның Франкфурттағы жарысы мұнымен аяқталмайды. 16 тамызда ол шығыршық және таспамен орындалатын жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.

Ерекешева үшін бұл әлем чемпионаты - ересектер арасындағы алғашқы әлемдік дода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу