Ақмола облысындағы мұнай базасы 2,3 млрд теңгеге сатылды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
18086

Сауда-саттық бастапқы бағаны төмендету жолымен өтті.

Ақмола облысындағы мұнай базасы 2,3 млрд теңгеге сатылды

Аbctv.kz-ке мәлім болғандай, Ақмола облысының Шортанды ауданындағы мұнай базасы биылғы жылдың 27 сәуірінде саудаға шығарылған.

Нысанның бастапқы бағасы 3 млрд 107 млн 815 мың теңгені құрады. Сауда-саттыққа қатысқандар саны екеу болды, олардың бірі нысан үшін 2 млрд 268 млн 704 мың 950 теңге төлеп, жеңімпаз атанды. Жеңімпазбен хаттамаға қол қойылды, алайда оның аты жария етілмеді. Мұнай базасы бұғат салынған мүлік болып табылады. Өндіріп алушы тарап – "Қазақстан Халық жинақтаушы банкі" АҚ, ал борышкер – "Көкшетау Мұнай компаниясы" ЖШС.

Мұнай базасының құрылымы: жалпы көлемі 135 шаршы метрді құрайтын өрт сөндіру аумағы; көлемі 23,6 шаршы метр күзетші үйі, жалпы көлемі 494 шаршы метрді құрайтын кеңсе, жалпы көлемі 495,1 шаршы метр қойма, көлікжай және операторлық бөлме, ұзындығы 1425,6 метр тұйықталған теміржол торабы; аталған жылжымайтын мүлік насынымен аумақтық және қызметтік тұрғыдан байланысы бар жалпы аумағы 12 гектарды құрайтын тиісті меншік құқығындағы жер телімі (кадастрлық нөмірі 01:012:039:156); сондай-ақ Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылдық округінің әкімшілік шекарасы мекенжайы бойынша орналасқан аталған жылжымайтын нысанға қызметтік тұрғыдан байланысы бар өзге мүліктер, құралдар.

Одан бөлек, "Халық банкі" сауда-саттықта борышкер Ольга Гавриэлованың бұғатталған мүлкін – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы әкімшілік ғимаратын 1 млрд 354 млн 78 мың 519,2 теңгеге сатты.

Бастапқы бағаны төмендету бойынша сауда-саттық 5 сәуірде өтті, нысанның бастапқы бағасы 1 млрд 593 млн 33 мың 552 теңгені құрады. Сауда-саттыққа екі тұлға қатысып, оның бірімен хаттамаға қол қойылды.

Жалпы көлемі 151,1 шаршы метрді құрайтын әкімшілік нысан (кадастрлық нөмірі 19-295-057- 3772/А ) бірнеше қызметтік құрылысты қамтиды: жалпы көлемі 35 шаршы метр станция; сыйымдылығы 1000 куб метр, 1000 куб метр, 2000 куб метр, 1000 куб метр, 3000 куб метр, 3000 куб метр, 3000 куб метр және 2000 куб метр болатын 8 ыдыс; жалпы көлемі 27,1 шаршы метр ғимарат (кадастрлық нөмірі 19-295-057-3772/Б);  ұзақтығы 253,4 метр тұйықталған теміржол торабы; Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, 057 орам мекенжайы бойынша орналасқан жалпы көлемі 4,88 га телімі (кадастрлық нөмірі 19-295-057-3772) және көлемі 0,12 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 19-295-057-3781).

Әйгерім Сүлейменова, Жанболат Мамышев
 

Тегтер: